Батыс Қазақстан облысының әкімі тұрғындар алдында есеп берді

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ақпанның 12-сінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңір тұрғындары мен депутаттар алдында есеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Елбасының салиқалы саясаты арқасында әлемдік дағдарысқа қарсы шаралар дер кезінде қабылданып, елімізде экономиканың тұрақтылығы сақталғанын айтқан әкім өткен жыл ішінде межеленген әлеуметтік жобалар жүзеге асырылғанын атап өтті. Биылғы есеп беру кездесулерінің мақсаты - өткен жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, алда тұрған міндеттерді белгілеу. Сонымен қатар бүкіл әлемді шарлап бара жатқан қаржы дағдарысына төтеп беру, экономикалық тұрақтылықты сақтау, сөйтіп халқымыздың әл-аухатын одан әрі арттырудың нақты жолдарын егжей-тегжейлі талқылап, бірлесіп, ақылдасып шешуіміз қажет, деді ол. Өткен жылы облыс тұрғындарынан барлығы 1626 сауал, ескертпе-ұсыныс келіп түсті. Оның басым көпшілігі әлеуметтік сипатта болды. Соның ішінде ауызсу мәселесі бойынша ? 210, жол құрылысы ? 122, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу, күрделі жөндеу бойынша ? 290, тұрғын үй туралы ? 53, елді мекендерді газдандыру, телефондандыру, электрлендіру жөнінде 295 ұсыныс түсті. Осы сауалдар мен ұсыныстар іріктеліп, 67 өзекті мәселені жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары жасалды. Оның барлығы дерлік оң шешімін тапты. Әр саладағы жетістіктер мен кем-кетіктерге тоқталған облыс басшысы Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде ең алдымен қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын орнықтыра отырып, қаржы дағдарысына қарсы кешенді шараларды жүзеге асыру алда тұрған басты міндет екенін атап көрсетті. Қаржы дағдарысына қарсы бағдарлама облыста, әрбір ауданда және Орал қаласында қабылданды. Облыстың жергілікті атқарушы органдары ең негізгі бес бағытта жұмыстар жүргізуде. Ол мыналар: қаржы секторындағы тұрақтылықты және бюджет-салық саясатының тепе-теңдігін қамтамасыз ету; аймақтық және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықты жұмыспен қамту; агроөнеркәсіп кешені саласын және жеке секторды дамыту; шағын және орта бизнесті қолдау және бұқаралық баспасөз беттерінде облыс экономикасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды жариялау.2008 жылы басталған үлкен әлеуметтік жобаларды аяқтап, биылғы ауқымды іс-жоспарларды мезгілінде, толық жүзеге асыруымыз қажет, деп қорытты сөзін әкім.
Соңғы жаңалықтар