Батыс Қазақстанда 180-ге жуық адам жұқпалы аурулар стационарында жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 180-ге жуық адам жұқпалы аурулар стационарында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Батыс Қазақстан облысы қазіргі кезде «сары аймақта».

Өңірде осы кезге дейін 9256 адам індет жұқтырса, соның 8026-сы жазылып шықты. 169 адам көз жұмды.

Соңғы тәулікте - 35, бір аптада - 255 адам коронавируспен тіркелді.

Пневмонияға шалдыққан 149 адам стационарда, 47-сі амбулаторлық ем алуда.

Пневмониядан барлығы 239 адам өмірден озды.

Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 4, оттегі концентраторына 6, орталықтандырылған оттегі көзіне 37 адам қосылған.

Күні бүгін жеті жұқпалы аурулар ауруханасында 179, карантиндік стационарда 7 адам емделуде. 17 адам жансақтау бөлімінде.

Қыркүйек айынан бері ауырған балалар саны 207-ге жетті.

Соның ішінде қыркүйекте – 4, қазанда – 5, қарашада – 102, желтоқсанда – 78, қаңтарда 2 баладан індет табылды.

Оған қоса 16 балабақша тәрбиеленушісі (қарашада – 12, желтоқсанда – 4) сырқаттанды. Олардың бәрі де отбасы мүшелерінен жұқтырған.

Желтоқсан айынан бері Қарашығанақтағы «ҚПО б.в.» компаниясынан 87, Чинарев кенішіндегі «Жайықмұнай» ЖШС-дан 61 адамнан коронавирус шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 200-ге жуық бала коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар