Батыс Қазақстанда биыл әкімдердің атына 300-ден астам сын -ескертпе түсті

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдердің биылғы кездесуінде елді мекендерге қойылған жәшіктерден және жиналыстарда тұрғындардан барлығы 300-ден астам сын- ескертпе түсті.
None
None
Оның 35-і облыс басшысы, 279-ы аудан және ауылдық әкімдер атына бағытталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, бұл сын-ескертпелердің барлығы бойынша іс-шаралар жоспары жасалады. Сын-ескертпелердің басым бөлігі ауылдық жерлерден. Мазмұны жөнінен таза су, газдандыру, мәдениет ошақтарының жұмысындағы кемшіліктер болып отыр. Жалпы, 2008 жылы облыс, қала және аудандар әкімдері аппараттарына 30343 жеке тұлғадан өтініш келген. Мұның ауқымды бөлігі Орал қаласы (62,6 %), Бөрлі, Сырым, Тасқала ауданы әкімдері аппараттарының үлесіне тиеді. Жоғары тұрған органдардан облыс, қала, аудандар әкімдері аппараттарына келіп түскен өтініштер саны 55,9 пайызға өсті. Мәселен, Сырым ауданында 210, Ақжайықта - 138,5, Теректіде ? 138,1, Орал қаласында 66,7 %-ға өсіп отыр. Алдыңғы жылмен салыстырғанда домалақ арыздар, қайталама өтініштер саны өскен болса, ал ұжымдық өтініштер саны 17,1 пайызға азайды. Өтініштердің көбі жер телімдерін беру, тұрғын үй мәселесі, әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру болды. Бөрлі, Жәнібек, Казталов аудандары және облыс әкімі аппараттарына түскен өтініштер саны өсті. 19 өтініш қарау мерзімін бұза отырып қаралды. Арызды қарауды кешіктіру Теректі, Бөрлі, Сырым аудандарында орын алды.
Соңғы жаңалықтар