15:44, 06 Наурыз 2013 | GMT +5
Батыс Қазақстанда діни әдебиеттерді таратып жүрген христиан-баптистер ұсталды
ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Евангел христиан-баптистері» діни бірлестігінің мүшелері Ақжайық ауданы Коловертное ауылында діни әдебиеттерді заңсыз таратқан.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, тексеру барысында ұсталған 12 адамның екеуі - РФ азаматтары, біреуі Орынбор, екіншісі Свердловск облысынан, қалғандары Орал қаласының 25-67 жас аралығындағы тұрғындары екені белгілі болды. Күдіктілер түсініктеме беруден бас тартқан. Олардан 20 түрлі атаумен 200-дей діни әдебиеттер тәркіленген.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген діни кітаптар сараптамадан өткізілуде.
Аталған факті бойынша іс материалы аудан прокуратурасына жіберілді.