16:56, 09 Шілде 2023 | GMT +5
Батыс Қазақстанда жер өртеніп жатыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жер өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 9 шілде күні Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінде болды.
«Сағат 11.03-де Сарыөмір ауылынан 10 шақырым жерде шамамен 10 гектардай аумақта құрғақ шөп отқа оранды. Оқиға орнында ерікті өрт сөндіру құрылымы жұмыс жасауда. Сондай-ақ өрт сөндірушілер де барды. Сағат 12.20-да күш-құралдарды үйлестіру үшін ТЖ департаментінің жедел штабы құрылды», деп хабарлады ведомстводан.
Далалық жердің өртеніп жатқаны Шалқар көлі жағасында демалып жатқандарға да анық көрінеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да контейнер мен екі автобустың жанып кеткенін жазған болатынбыз.