19:23, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық полицейлер кезекті «Жолдағы қабылдау» шарасын өткізді
ОРАЛ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық полицейлер 7 қараша күні Шыңғырлау ауданында кезекті «Жолдағы қабылдау» шарасын өткізді.

БҚО ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтің хабарлағанындай, аудандық мәдениет үйінде 200-дей адамның қатысуымен өткен жиында жол қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды. Онда тұрғындар қойған түрлі сауалдарға жауап берілді. Шара барысында Алтай Валиев «Үздік жүргізуші», Шыңғырлау аудандық колледжінің оқытушысы Амангелді Кеңесов «Үздік автомектеп оқытушысы» атанып, оларға дипломдар табыс етілді. Жалпы, ауданда алдын алу шаралары нәтижесінде жол-көлік оқиғалары азайып келеді. Өткен жылы 12 жол оқиғасы болып, үш адам қаза тапса, биыл сондай 5 жағдайдың салдарынан бір адам көз жұмды.