17:57, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Батысқазақстандық жол полицейлері 350-дей түлкі терісі тиелген ресейлік «ГАЗель» автокөлігін тоқтатты
ОРАЛ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін жол полициясы инспекторлары Талғат Барасов пен Серік Ирмұхамбетов Самараға қарай шығатын жолдағы «Рубеж» жүйесіне қатысты Краснов бекетінде ресейлік «ГАЗель» автокөлігін тоқтатты.

БҚО ІІД жол полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, автокөліктен 350-дей түлкі терісі шыққан. Автокөлік жүргізушісі Астраханнан Самараға қарай бет алғанын айтқан. Түлкі терілерінің ешқандай құжаты жоқ.
Қазіргі кезде жүргізуші мен «ГАЗельге» тиелген жүктің мәселесі шешілуде.