Бауыржан Исламхан клубсыз қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан командасыз қалды. Бұл туралы UAE Sports news басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның футбол федерациясы таратқан мәліметке сәйкес ұлттық құраманың бірнеше негізгі ойыншысы алдағы матчтарға қатыса алмайды. Олардың қатарында Бауыржан Исламхан да бар. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін футболшының тапсырған допинг сынағынан тыйым салынған препарат табылған. Ол уақытша ресми ойындарға қатыспайды.

«БАӘ «Әл-Айн» клубы Исламханмен допинг дауынан кейін келісімшартын үзді. Келісімшарт 2023 жылдың шілдесіне дейін есептелген», — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар