Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов жеңімпаз атанды.

Бекзат Нұрдәулетов
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетов 86 келіге дейінгі салмақта тағы бір өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңда кездесті.

Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі өзбек спортшысы басым болды деп таныды. Екінші кезеңде де сондай есеп тіркелді — 3:2. Дегенмен үшінші раундта қазылар түгелдей жеңісті Бекзатқа берді. Қорытынды есеп — 4:1.

Осылайша, Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Махмұд Сабырханның алғаш рет бокстан Азия чемпионатында топ жарғанын жазған болатынбыз.

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатында күміс алды.

Дулат Бекбауов Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері болды.

Абылайхан Жүсіпов бокстан Азия чемпионатында тағы бір күмісті қанағат тұтты.

Боксшы Диас Молжігітовке Азия біріншілігінің күмісі бұйырды.

Соңғы жаңалықтар