Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында финалға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Бекзат Нұрдәулетов финалға жолдама алды.

Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов 86 келіге дейінгі салмақта украиналық Даниил Жасанмен тартысты жекпе-жек өткізді.
Бірінші раундта Д.Жасан 3:2 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Бекзат камбэк жасай білді. Қорытынды есеп - 4:0.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Абылайхан Жүсіповтің екінші рет бокстан Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Диас Молжігітов финалистер қатарына қосылды.
Бұдан бұрын 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған Д.Молжігітов 75 келіге дейінгі салмақта украиналық Павел Илюшамен кездесті.
Кездесу тартысты өтіп, төрешілердің шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.