23:22, 26 Тамыз 2014 | GMT +5
Беларусь елін неміс басқыншыларынан азат еткен ақтөбелік ардагерлер марапатталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін өлкетану мұражайында Ұлы Отан соғысы кезінде Беларусь елін жаудан азат етуге қатысқан ақтөбелік ардагерлерді медальдармен марапаттау рәсімі өтті.

«Биыл Беларусь елінің неміс фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл толмақ. Беларусь елінің елшілігі ақтөбелік ардагерлерге табыс ету үшін 14 мерейтойлық медаль берді. Сондай-ақ оларға Беларусь Республикасының президентінің құттықтау хаттары табысталды», дейді мұражай қызметкері Айдана Қызылбаева. «Беларусь елінің неміс фашист басқыншыларынан азат етілгеніне 70 жыл» мерейтойлық медальдары 10 ардагерге табысталды, қалғандары денсаулық жағдайына байланысты салтанатты рәсімге келе алмады. Оларға марапаттары үйлеріне апарып беріледі. Шараны қалалық ардагерлер кеңесі облыстық өлкетану мұражайымен бірге ұйымдастырды.