17:09, 26 Қаңтар 2025 | GMT +5
Беларусьтегі президент сайлауы өтті деп танылды
АСТАНА. KAZINFORM – Сайлаушылардың 56,64 пайызы белсенділік танытты, деп хабарлайды Kazinform BELTA-ға сілтеме жасап.

Мұндай мәліметтерді ОСК ақпарат орталығында ОСК төрағасының орынбасары Алексей Башан мәлімдеді.
Беларусь Республикасының заңнамасына сәйкес, егер дауыс беруге сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жартысынан астамы қатысса, сайлау өтті деп есептеледі.
Бұған дейін әлеуметтік зерттеуде Беларусь халқының 85,5 пайызы президент сайлауына қатысатыны айтылған болатын. Сондай-ақ Беларусьте президент сайлауы өтіп жатқанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ Лукашенко Беларусьтегі президент сайлауында дауыс берді.