Бельгияда TRUMP атты саяси партия құрылды

БРЮССЕЛЬ. KAZINFORM — Бельгияда АҚШ президенті Дональд Трамптың құрметіне аталған TRUMP атты оңшыл саяси партия құрылды. Бұл туралы еуропалық Politico басылымы хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі.

Бельгияда TRUMP атты саяси партия құрылды
Фото: ТАСС

Партияның атауының аббревиатурасы француз тілінде Tous Réunis pour l'Union des Mouvements Populistes деп жазылады және қазақ тіліне аударғанда «Популистік қозғалыстар одағы үшін біріккендер» деген мағынаны білдірсе керек.

Партияның негізін қалаушы Сальваторе Никотра Трампты «популизмнің абсолютті символы» деп атап, «ол біздің көзқарасымыз бен ұстанымдарымызды толық бейнелейді» деді. Оның айтуынша, TRUMP — «әлеуметтік бағыттағы оңшыл-популистік партия».

Никотраның мәлімдеуінше, партия Бельгиядағы федералдық деңгейдегі сайлауларға, сондай-ақ 2029 жылғы Еуропарламент сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өткенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар