Берденовке оқ атылған мылтық елордада есептен шығарылған

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шымкент әкімінің экс-орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған мылтықтың елордада есептен шығарылғанын растады.

қару, мылтық
Фото: ҰҚК

- Иә, өкінішке қарай мұндай жайт болды. Біреулер бірдеңені сатқаны емес, қызметкерлердің немқұрайлығы болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды және тергеу аясында біз барлық мән-жайды, яғни жою орнындағы кінәліні, кім сатқанын анықтаймыз. Бұл сұрақтардың бәріне жауап береміз, - деді Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұдан бұрын Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы іс сотқа жолданғанын жазған болатынбыз. 

21 сәуірде Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалғаны мәлім болған. Ол жарақат алып, ауруханаға түсті. 

Сот үкімімен оған оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. 

29 тамызда Руслан Берденов өзінің өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кеткені белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар