Бердібек Сапарбаев алтын өндіретін кен орнының құрылысымен танысты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданындағы алтын өндіру комбинаты жұмысымен танысты. Кен орны толық іске қосылған кезде жылына 5 миллион тонна алтын кені өндіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бердібек Сапарбаев алтын өндіретін кен орнының құрылысымен танысты

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында алтын қоры бар. Қазіргі уақытта мұнда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Алтынды ауылындағы кен орны іске қосылған кезде жылына 5 миллион тонна алтын рудасы өндіріледі. Жоба құны - 148 миллиард теңге. Бұл еліміздегі ең ірі кен орындарының бірі болмады. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Бердібек Сапарбаев құрылыс жұмыстарымен танысты. Негізінен «Аltynex Company» компаниясы «Алтынды» кен орнын 2015 жылдың қазан айынан бастап игеріп келеді. Әзірге жылына тек 300 мың тонна руда өндіріліп жатыр.

null 

«Құрамында алтыны аз руданы ашық тәсілмен игеру үшін құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл сәуір айында инвесторлар 10 миллион доллар көлемінде қаржы салды. Келер жылы тағы 100 миллион доллар қаржы жұмсап, комбинаттың құрылысын аяқтайды. Мұнда 600 адам жұмыс істеп жатыр. Бәрі  кен өндірілетін аудан тұрғыны. Құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа өндіріс іске қосылған соң жұмысшылар қайта даярлаудан өтіп, кен орнына жұмысқа қабылданады. Жаңа өндіріс 2019 жылдың аяғында іске қосылады деп жоспарланған, ал толық қуаттылыққа 2020 жылы шығады», - деді хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

null 

Айта кетейік, кездесу кезінде «Аltynex Company» АҚ басшылығы тау-кен өндіру кәсіпорнына қажетті инфрақұрылымдарды жеткізуге көмек сұрады. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыс үшін маңызы бар жобаны қолдайтынын, мемлекеттік бағдарламалар аясында да көмек көрсетілетінін жеткізді.

null 

Еске салсақ, осы аптада Ақтөбе инвестициялық форум өтеді. «Алтынды» кен орнына инвестиция салу 2016 жылғы инвестициялық форум кезінде шешімін тауып, меморандумға қол қойылған болатын. Ол кезде Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Аltynex Company» АҚ екіжақты меморандумға қол қойды.