Берлинале кинофестивалінің байқау бағдарламасы жарияланды: Қазақстан қандай фильм ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Берлинде 76-шы Берлин халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды DW.
Өнер академиясының хабарлауынша, басты марапаттар — «алтын және күміс аюлар» үшін 22 фильм таласады.
Негізгі байқауға анимациядан бастап триллерлер мен тарихи драмаларға дейінгі әр түрлі жанрдағы картиналар кірді. Қатысушылар арасында жапон режиссері Еситоси Синомидың анимациялық фильмі бар. Германия бірден үш лента ұсынады: Маркус Шлейнцердің «Rose» тарихи драмасы, Илкер Чатактың «Gelbe Briefe» («Сары хаттар») фильмі және Франциямен бірге түсірілген Ангел Шанелектің «Meine Frau weint» («Менің әйелім жылайды») отбасылық драмасы.
Конкурстық фильмдерге танымал актерлер де қатысады. Ченнинг Татум «Josephine» драмалық триллерінде басты рөлді сомдады, ал Сандра Хюллер экранда ерекше еркектің рөлін сомдайды. Корнель Мундруцо мен Карим Айнуз да өздерінің жаңа туындыларын ұсынады.
Panorama Dokumente деректі фильм бағдарламасында француз фильмі «Un hiver russe» («Орыс қысы»), сондай-ақ украин-поляк таспасы «Traces» («Іздер») көрсетіледі. Berlinale Shorts бөлімінде көрермендер якут деректі фильмі Евгения Арбугаеваның ежелгі тіршілік иесінің қалдықтарын іздеп мәңгілік мұзға түсетін ғалым туралы «Чуура» фильмін көреді. Бұл байқауға ресейлік режиссер Саша Свирскийдің Германияда түсірілген «Unidentified Nonflying Objects (UNO)» («Ұшпайтын белгісіз нысандар») анимациялық фильмі қатысады.
Қазақстан Forum Special арнайы бағдарламасында режиссер Кристина Михайлованың «River Dreams» («Өзеннің армандары») толықметражды деректі фильмі таныстырылады. Ол Берлинале тарихындағы екінші қазақ әйел режиссері болды. Фильм поэтикалық түрде ашылады: жас қыз-келіншектер өздерін өзен деп санайды. Туындының ортасында қазақ әйелдерінің ерлерге тәуелсіздігі, еркіндік пен өмірге деген көзқарасы көрсетіледі.
Фестивальдің басты жаңалығы ауған режиссері Шарбану Садаттың «No Good Men» («Жақсы ер адамдар жоқ») картинасы болмақ. Картинаның әлемдік премьерасы 12 ақпанда өтеді. Бұл Шарбану Садаттың үшінші толықметражды фильмі. Туындыда ауған әйелдерінің тағдыры, патриархалдық қоғамдағы махаббат пен үміт туралы жеке және саяси оқиға баяндалады.
Берлин халықаралық кинофестивалі 2026 жылдың 12-22 ақпаны аралығында өтеді.
Жуырда кино тарихындағы ең көп табыс тапқан актриса анықталды.