Бес институционалдық реформа ел дамуының жаңа дәуіріне жол ашады - Л.Прокопенко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің II республикалық отырысы өтуде.
None
None

Форумға ҚХА, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің аймақтық мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері қатысуда.

"Біздің форум мерейлі жылы - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылында, Қазақ хандығының 550 жылдығында, Конституцияның 20 жылдығында және Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толған шағында өтуде. Сонымен қатар биылғы жылы Мемлекет басшысы бес институционалдық реформасын ұсынды және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының орындалуы басталған жыл. Бес институционалдық реформа біздің еліміздің, мемлекетіміздің және xалқымыздың дамуында жаңа дәуірдің басталуын білдіреді. Ол бүгінде әлемде туындап жатқан қауіп-қатерлерге берген біздің жауабымыз және әлемнің дамыған 30 елдің қатарына енуіміздің серпінді қадамы", - деді форум жұмысын ашқан ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы xатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенко.

Форум қатысушылары Қазақстан xалқының бірлігін нығайтатын басты қазақстандық құндылықтардың даму маңыздылығын талқылайды. Сонымен қатар осы істегі Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің рөліне баға берілмек.

Форум жұмысы барысында "Жақсы отбасы - табысты адам", "Қарым-қатынас ғылымы", "Буын дағдарысы: егделердің, тетелердің, кішілердің қарым-қатынастары" атты семинарлар өтеді.

Соңғы жаңалықтар