13:18, 05 Ақпан 2025 | GMT +5
Бес қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингісінде ТОП-100-ге кірді
АСТАНА. KAZINFORM – Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық бес жас ойыншы ТОП-100-ге кірді.
Ахмади Мақанов 13-орында қалса, Хақназар Жеткербай 30-дан 28-ге көтерілді. Олардың екеуі де – Ақтөбе теннис мектебінің түлектері.
Сондай-ақ Әмір Асқар жақсы көрсеткішімен көзге түсіп, 74-тен бірден 56-сатыға шықты. Қыздар арасында Тәмина Сәкен 83-інші, Әмина Нұрмахан 87-орыннан көрінді. Бұлардың үшеуі де Алматы қаласында теннис әліппесін үйренген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жас теннисші Ахмади Мақанов туралы не білетінімізді жазған едік.
Сондай-ақ Зарина Дияс Үндістанда турнирдің 4-ракеткасын жолдан тайдырды.