Бес облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

АСТАНА. KAZINFORM - ҚазАвтоЖол 14 желтоқсанда сағат 16:00-де ауа райының күрт бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілгені туралы шұғыл ақпарат жариялады. 

Бес облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Жамбыл облысы ПД

Ақтөбе облысы:

- «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1 153-1 240 шақырым аралығындағы Ырғыз елді мекенінен Қызылорда облысының шекарасына дейін; 

- «Ақтөбе- Орал-РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығындағы Батыс- Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін.

Қызылорда облысы:

- «РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін. 

Батыс- Қазақстан облысы: 

- «Ақтөбе- Орал-РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығындағы Жымпиты елді мекенінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін; 

Маңғыстау облысы

- Республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» 332–632 шақырым аралығындағы Бейнеу елді мекенінен Шетпе елді мекеніне дейін; 

Абай облысы

- Республикалық маңызы бар «Таскескен- Бахты- ҚХР шекарасы» автожолының 0-187 шақырым аралығындағы Таскескен елді мекенінен ҚХР шекарасына дейін барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Бұған дейін 14 желтоқсанда еліміздегі қай жолдарда көлік қозғалысы шектелгенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар