Бес облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелген

АСТАНА.KAZINFORM – 2026 жылғы 13 наурыз сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 5 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылған, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

дорога закрыта, снег, автомобиль, метель, боран, қар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Абай облысы: 

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-733 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы — Семей қаласы);

- «Өскемен — Семей» автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы); - «Семей — Қайнар» автожолының 8-266 шақырым аралығы (Семей қаласы — Қайнар ауылы).

Ақмола облысы:

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 346-407 шақырым аралығы (Жақсы кенті — СҚО шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Өскемен — Семей» автожолының 12-103 шақырым аралығы (Қазачье ауылы бұрылысы — Абай облысының шекарасы).

Павлодар облысы:

- «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолымен — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 426-587 шақырым аралығы (Кенжекөл кенті — Абай облысының шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 407-429 шақырым аралығы (Чистополье ауылы — Ақмола облысының шекарасы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 863 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Осыған дейін ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелгені туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар