Бестөбе – Степногорск учаскесінде көліктік бақылау күшейтілді

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде келіп түсетін өтініштерді пысықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. 

Бестөбе – Степногорск учаскесінде көліктік бақылау күшейтілді
Фото: t.me/Kzgovernment

Қазіргі уақытта азаматтардың өтінішіне сәйкес екі жылжымалы көліктік бақылау бекеті Бестөбе – Степногорск автожол учаскесінде көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін қоса алғанда, көлік заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауда.

Аталған учаскеде бұған дейін рұқсат етілген салмақ нормаларының бұзылу фактілері бірнеше рет анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша Инспекция тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушіге қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.

Айта кетелік Степногорск қаласының әкімі жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар