Беташар — тəлім-тəрбиелік қуаты жоғары халықтық жыр

АСТАНА. KAZINFORMМәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай kazinform агеніттігі назарларыңызға ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырындағы маңызды салт-дәстүрлерін ұсынады.

Беташар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Беташар — жаңа түскен келінге алғаш рет ата-енесі мен оның туыс-туғандарын таныстырып, əдеп-иба жөнінде тəлім беріп, тəрбие жүргізетін, сондай-ақ, жас келінге тұңғыш рет ескерту жасап, жақсы-жаман істер жөнінде құлаққағыс ететін тəлім-тəрбиелік қуаты жоғары халықтық жыр. Қазақ халқы «келінді — бастан, баланы — жастан» деп, келін мен бала тəрбиесіне ерекше мəн береді. Сондықтан да əр отбасы келіні табалдырығын аттасымен оған ел-жұрт, үлкен-кішілерін түгел таны-стырып, нелерді істеу, нелерді істемеу, қалай жүріп, қалай тұру, қандай адам болу туралы мұқият тəлім-тəрбие жүргізіп, қатаң талаптар қояды. Бұл тұңғыш рет беташар жырында айтылады.

беташар
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Əдетте, жаңа түскен келіннің бетін алыстан шаршап келді деп, сол күні демалдырып, ертесі ел-жұрт, туыс-туғандары түгел жиналғанда ашады немесе той үстінде ашады. Кей жерде келін келісімен ата-ене табалдырығын аттатқан бойда бетін ашады. Алайда, жаңа түскен келін қашан бетін ашқанша, басына желек бүркеніп, шымылдық ішінде отырады. Бетін ашқан соң барып, орнынан тұрып шай құйып, жаңа ортаға араласып, ел-жұртпен таныса бастайды. Келіннің бетін ашатын кезде, оны екі абысыны екі қолтығынан демеп ата-енесінің үйіне апарып, босағада төрге қаратып ұстап тұра ды.

Беташар айтатын жігіт беташар кəдесін домбырасына байлап алып, домбырамен əнге қосып, келінге ата-енелері, қайнаға, қайын бикелерімен жақын туыс-туғандарын таныстырып, ата-ене, үл кен-кіші алдында əдепті, ибалы, еңбекшіл болу, өтірік-өсек айтпау, жамандық атаулыдан бойын аулақ ұстау туралы жыр жолдарын нөсерлетіп келіп, «пəлен атаңа» немесе «пəлен енеңе бір сəлем!» деген сайын келін иіліп сəлем жасап тұрады. Міне, осылайша, ауыл-аймақ, үлкен-кішіге тегіс сəлем жасатып, сон дай-ақ, ақыл-кеңес беріп, жақсылық-жамандықты түгел ескертекеліп, келіннің бетін бүркеп тұрған желекті ашып, келінді көпші лік кекөр сетеді. Міне, бұл «беташар» деп аталады.

Келіннің бетін ашқан жігіт «беташар» кəдесін, келіннің екі қолтығынан сүйеп тұрған екі келіншек «қолтық сүйер» кəдесін алады. Беташардың жаңа түскен келін үшін тəлім-тəрбиелік мəні мен ғылыми негізі өте жоғары. Ол жаңа түскен келінге борыштылық жəне жауапкершілік сезімін тудырып, əдепті, ұятты, мұратты, еңбекшіл, іскер болуға дағдыландырып, үлкенді құрметтеп, кішіні аялайтын, түрлі жаман қылықтардан бойын аулақ ұстайтын, кеңпейілді, кешірімді, мейірімді, жанашыр болуға баулиды. Есею, ержету, жар сүю, перзент көру сияқты өмір заңдылығын шынайы ұғындырады. Кімнің алыс, кімнің туыс екендігін білгізіп, үлкен-кішімен болған қарым-қатынас жолын айқындап береді.

Материал Айып Нүсіпоқасұлының »Тал бесіктен жер бесікке дейін» атты кінабына негізделіп дайындалды.

Соңғы жаңалықтар