Бейбіт Жұқаев Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық, әлемнің 249-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Қытайдағы Шэньчжэнь 3 челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Жұқаев
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингте 726-орында тұрған қытайлық Сяофэй Ванмен шеберлік таластырды.

Бейбіт Жұқаев 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 11 эйс жасап, 2 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Б.Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 112-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевич немесе рейтингте 1692-сатыдағы қытайлық Чарльз Ченнің біреуімен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев алғашқы айналымда беларусьтық Егор Герасимовпен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Бейбіт Жұқаевтың әлемдік рейтингіде 53 сатыға жоғары көтерілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Бельгиядағы турнирдің ширек финалына шықты.

 

Соңғы жаңалықтар