Бейбіт Жұқаев Мехико турнирінің ширек финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 340-ракеткасы, 25 жастағы Бейбіт Жұқаев Мехико (Мексика) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.
Бейбіт Жұқаев екінші айналымда рейтингіде 496-сатыдағы франциялық, 28 жастағы Корентен Деноллимен бетпе-бет келді.
Бірінші партия қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді – 7:5.
Екінші сетте тай-брейкте Бейбіт матчты жеңіспен түйіндей білді – 7:6 (7:5).
Бір сағат 53 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 11 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың тең жартысын құр жіберген жоқ. Денолли 9 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 86-ыншы, осы жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворт немесе рейтингіде 265-орындағы америкалық Стефан Козловтың қай жеңгенімен таласады.
Жүлде қоры 225 мың долларға бағаланған Мехико жарысында жеңімпаз атанған теннисші 125 рейтингілік ұпайға ие болады.
Б.Жұқаев бір апта бұрын Сан-Луис Потоси (Мексика) челленджер додасының ширек финалында Д.Даквортқа жол берген еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикадағы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.