Бейіттерді жекенің басқаруына берген Ақтөбе әкімдігінің заң бұзғаны анықталды
Ақтөбедегі бейіттер жекенің қолына өтіп, Қурайлы ауылдық округі әкімдік шешіміне қарсы болғаны бұған дейін хабарланды. Бұл шешімді Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті тексеріп, бірнеше заңсыздықты анықтады.
«Бейіттерге қызмет көрсету құқығын алған компанияға монополияға қарсы заңның бұзылғанын хабарланды. Ол бұл әрекетімен бәсекелестікті сақтамай отыр. Жеке компания тағы бірнеше компанияны қызмет көрсетуге жібереді. Ал Ақтөбе қаласының әкімдігіне де ескерту берілді. Алдын ала ескерту беріледі, егер олар шешім қабылдамаса тексеру жүргіземіз. Егер заң бұзушылық анықталса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Негізінен Бюджет туралы кодекске сәйкес бейіттерге қызмет көрсету, күтім жасауға бюджеттен қаржы қарастырылған. Жер туралы Кодекске сәйкес 6 шаршы метр жер тегін берілуі керек деп жазылған. Мемлекет жерлеуге арналған жерді тегін беруге міндетті. Қазіргі кезде заңбұзушылықтың белгілерін көріп отырмыз», - деді Ақтөбе облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев.