Бейжіңде Дүниежүзілік робототехника конференциясы өтіп жатыр
АСТАНА.KAZINFORM — Қытай астанасында робототехника бойынша дүниежүзілік конференция өтіп жатыр. Оныншы рет өткізіліп жатқан шара Қытайдың робототехника саласының қарқынды дамуы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Конференцияда когнитивті функциялар, шешім қабылдау және қауіпсіздік салаларын қоса алғанда, интеллектуалды роботтар дамытудың негізгі бағыттары ұсынылды.
Қытай электроника институты мен Дүниежүзілік робототехника ынтымақтастығы ұйымы бірлесіп ұйымдастырған бес күндік шара форумдар, көрмелер, байқаулар мен іскерлік кездесулерді қамтиды. Шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам компания қатысып, өздерінің соңғы техникаларын ұсынады.
Айта кетейік, Қытай үкіметі мемлекеттік кәсіпорындарда адам тәріздес роботтарға сұранысты белсенді ынталандырып, 2025 жылы бірқатар өндіруші олардың жаппай өндірісін бастап та кетті.
Morgan Stanley болжамы бойынша, Қытайдың робототехника нарығы жылына орта есеппен 23%-ға өсіп, 2028 жылға қарай 108 миллиард долларға жетеді.
Бұған дейін Қытайда алғашқы адам тәрізді роботтар дүкені ашылған еді.