Биатлоннан әлем кубогі кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Австрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан әлем кубогінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
Фото: ҚР ҰОК

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.

Евгений Кошкин Норвегиядағы әлем кубогі кезеңінде алтыншы орын алды.

 

Соңғы жаңалықтар