12:13, 14 Қаңтар 2026 | GMT +5
Биатлоннан әлем кубогы: әйелдер арасындағы эстафетада кімдер бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – 14 қаңтарда Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бірінші жарыс күнінде әйелдер арасында 4x6 шақырымдық эстафеталық жарыс ұйымдастырылады.
Аталған додада Қазақстан құрамасының сапында Милана Генева, Полина Егорова, Дарья Климина және Алина Скрипкина бақ сынайды.
Басталуы Астана уақытымен сағат 18:30-да белгіленген жарысқа 19 команда қатысады.
Айта кетейік, бұл кезең биатлон спортындағы маусымдық жарыстардың маңызды кезеңдерінің бірі саналады.
Еске салсақ, осыған дейін Асылхан Асан фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін жаздық.