Биыл 118 қару мен 15 граната тәркіленді - ҰҚК

АСТАНА. KAZINFORM – Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан өңірлерінде қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

ы
Фото: ҰҚК

ҰҚК мәліметінше, нәтижесінде 118 қару тәркіленді. Оның ішінде 6 «Калашников» автоматы, 83 мылтық, 29 тапанша бар. Сондай-ақ 15 граната мен 859 оқ-дәрі алынған.

- Аталған фактілер бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ақпаратта.

Ведомство бұл бағыттағы жұмыстың жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді.

Соңғы жаңалықтар