Биыл 3 облыста газбен жүретін көліктерге арналған компрессорлық стансалар ашылады

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде QazaqGaz ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов ел аумағында газбен жүретін көліктерге арналған компрессорлық стансалардың желісі кеңейтіле беретінін айтты. 

газификация
Фото: Pexels

— Қазір ел аумағында 24 автомобильді газ толтыру компрессорлық станциясы, оның ішінде QazaqGaz-дың 7 станциясы бар. Биыл QazaqGaz Onimderi франшизасы бойынша Алматы, Тараз қалаларында және Жетісу облысында 4 газ толтыру станциясы ашылады, — деді ол.

Сондай-ақ, ол мұндай стансалар халықаралық жолдардың бойынан орын тебетінін атап өтті.

— Автоматты газ толтыру компрессорлық станцияларын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасында да салу үшін жеке инвестициялар тартуды жалғастырамыз, — деді QazaqGaz басшысы.

Еске салсақ, қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «QazaqGaz Aimaq» АҚ Жетісу өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалидің ұстаған болатын

Соңғы жаңалықтар
Референдум