Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспановпен кездесті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлім етті.

Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді
Фото: Pexels

Кездесу барысында тараптар биылғы қажылық маусымындағы ұйымдастыру жұмыстары, қазақстандық қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және олардың сапарын барынша ыңғайлы ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді
Фото: ҚМДБ

Өз кезегінде Қазақстанның Жидда қаласындағы Бас консулы Руслан Қоспанов қасиетті сапарға келетін отандастарымызға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді. Оларға конкурстан өткен 14 туркомпания қызмет көрсетеді. Миссия тарапынан қажылықты ұйымдастыру жұмыстары толық бақылауға алынған.

Биыл 4000 отандасымыз қажылық парызын өтейді
Фото: ҚМДБ

Еске сала кетейік, биылғы қажылық маусымы 15 мамыр — 5 маусым аралығында өтеді.

Ал қазақстандықтарды қажылыққа апаратын әуе компанияларына қандай талаптар қойылатынын мына сілтемеден оқыңыз.

Сауд Арабиясы қажылық қарсаңында Меккеге кіруге қатысты жаңа талаптарды жариялады.