Биыл астық тасымалдайтын вагондар жеткілікті ме

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Көлік министрлігі осы жылы күзде егін орағы кезіңінде астық тасымалдайтын вагондармен қамтамасыз ету мәселесіне түсінік берді.

астық
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

«Астық тасымалдау процесіне шамамен 13 мың астық таситын және 15 мың жабық вагон тартылды. Астық тасымалдайтындар паркінің негізгі үлесін «Астық Транс» АҚ қамтып отыр, компанияда шамамен 6,5 мың вагон (3,4 мыңы меншікті, 3,1 мыңын сырттан тартты) бар. Жалпы, барлық парк толықтай жұмыс істеп түр, жоспарлы жөндеудің барлық түрлері жүзеге асырылды. Қолданыстағы вагон паркі астық тасымалдауды толық көлемде қамтамасыз ете алады», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Вагон паркі жетіспеген жағдайда, Ресейден 2 мыңға дейін бос вагон тартылуы мүмкін.

«Локомотивтер паркі бойынша биыл 185-ін (110-ы жеткізілді), оның ішінде 20 маневрлік тепловоз сатып алу жоспарланған. Астық егетін өңірлерді қолдау және вагондарды уақтылы беру үшін қосымша 9 маневрлік тепловоз жіберілді. Бұдан басқа, ҚТЖ-да жедел штабтар құрылды, онда апта сайын отырыстар өткізілед», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан темір жолы» компаниясы алдағы екі жылда 364 локомотив сатып алады

Сонымен қатар, 5 жылда жолаушылар тасымалдауға 1200 жаңа вагон сатып алу жоспарланған

Соңғы жаңалықтар