Биыл елде шетелдік 7 ЖОО-ның филиалы жұмысын бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Осы жылы елімізде шетелдік 7 университеттің филиалы жұмысын бастады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті мәлім етті.

мамандық
Фото: rally36.ru

- Бүгінде 33 шетелдік жоғары оқу орны өз қызметін түрлі нысандарда жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде биыл 7 шетелдік жоғары оқу орны іске қосылды, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Негізгі мақсат — Қазақстанда академиялық және зерттеуші хаб құру. Сондықтан, шетелдің үздік 40 университеті Қазақстанда филиал ашуға келісім берген.

Айта кетейік, Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Италияның Анкона қаласындағы Марке политехникалық университетінің филиалы ашылды

Биыл қыркүйек айында Астанада британдық университеттің филиалы ашылды.

Соңғы жаңалықтар