Биыл «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» және Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталады
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы бірнеше өңірде жаңа жол құрылысын бастауды тапсырды.

- «Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» және «Сарыағаш қаласы айналма жолын салу» жобаларының дайындық деңгейі жоғары. Жалпы қаржыландыру мәселесі де шешімін тапты. Бірақ әкімшілік рәсімдер созылып кетті. Көлік министрлігіне биыл сәуірде құрылыс жұмыстарына кірісуді тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ Премьер-министр қолданыстағы автожолдардың жағдайын жақсарту
- Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, барлық жолдың жағдайына қатаң бақылау жасап, ақауларды уақтылы жойып отыруды тапсырамын. Сондай-ақ, ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін автоматтандырылған жүйелерді орнату жұмысын жеделдетіп, нормативтен асып кеткен жағдайда, жолға шығуына рұқсат бермеген жөн, - дейді ол.
Айта кетейік, елімізде жолдарға мониторинг жүргізетін «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр.
Бұған дейін елімізде жолдың сапасына қатысты тұрғындардан 40 мыңнан астам арыз-шағым түскенін хабарлаған едік.
Одан бөлек Үкімет басшысы елімізде жаппай жол апаты жиілеп кеткенін айтты.