Елімізде «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын мониторинг ететін цифрлық платформа пайда болады. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлім етті.

цифровизация дороги
Фото: freepik

- Қазір «E-Joldar» цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Ол тек республикалық емес, сондай-ақ жергілікті және қалалық жолдардың жағдайына да мониторингті қамтамасыз ететін болады. Көлік және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жыл соңына дейін аталған платформаны пилоттық режимде іске қосуды тапсырамын, - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Осы орайда Премьер-министр көлік және цифрландыру министрліктеріне нарықтағы барлық цифрлық қызметтерге екі ай мерзімде тексеру жүргізуді тапсырды.

- Отандық IT-компаниялардың автожол саласын дамытуға белсенді түрде жәрдемдесуге, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға, рәсімдерді оңайлатуға және, ең бастысы логистиканы тиімді басқаруға қабілеті жеткілікті, - деп толықтырды ол.

Айта кетсек, былтыр елімізде жолдың сапасына қатысты тұрғындардан 40 мыңнан астам арыз-шағым түскен. 

Бұған дейін Үкімет басшысы елімізде жаппай жол апаты жиілеп кеткенін айтты. 

Сонымен қатар Олжас Бектенов БҚО әкімін жол сапасына қатысты сынады.

Соңғы жаңалықтар