09:42, 14 Мамыр 2025 | GMT +5
Биыл Қазақстан бойынша 3 908 450 бала оқу жылын аяқтайды
АСТАНА. KAZINFORM - 2024–2025 оқу жылын 3 908 450 оқушы бітіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Олардың 217 мыңы мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.
Осыған дейін келесі оқу жылынан бастап бастауыш және орта сынып оқушылары жаңа білім стандартына көшетіні туралы жаздық.