Биыл Өзбекстанға саяхаттап барған қазақстандықтардың саны 35% азайды

Өзбекстан
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биыл қаңтар-ақпан айларында 155,9 мың қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметіне сай, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл қазақстандық туристердің саны 85,5 мың адамға немесе 35,4%-ға азайды.

Қоса кетсек, биыл қаңтарда ем алу мақсатында Өзбекстанға 7 мыңнан астам шетелдік келген. Оның ішінде 4,8 мың адам Тәжікстан азаматы болса, дертіне дауа іздеген тағы 1 мыңнан астамы қазақстандық.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 1,2 млн қазақстандық Өзбекстанға туысқандарымен көрісу үшін барған.

Соңғы жаңалықтар