Биыл Павлодарда жылу ерте берілуі мүмкін
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Облыстағы көппәтерлі 2472 пәтердің 1893-і жылу қабылдауға дайын. 20 энергия көзіндегі жөндеу жұмыстары аяқталған.

Биыл күздің салқын болуына орай, облыста жылу ерте беріле бастауы мүмкін.
2 472 көппәтерлі тұрғын үйдің 1 893-і немесе 76,5%-ы тексеріліп, жылу қабылдауға дайын тұрғаны анықталды.
Павлодар қаласында 270-ке жуық көпқабатты үй қысқа дайын емес. Олардың 190-ында басқару формасы жоқ. Қысқы жылу маусымына дайындық шаралары 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал Екібастұзда 702 көпқабатты үйдің 630-ы қысқа дайын.
Өңірлік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыповтың дерегінше, жалпы саны 376 қазандықтың 364-і іске қосылуға әзір тұр.
Еске сала кетейік, ҚР Үкіметі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жылу желілерін салуға 9 млрд теңге бөлді.