Биыл самокаттан қанша адам жапа шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде биыл самокаттарға қатысты оқыс оқиғалардан қанша адам жапа шеккені белгілі болды.

Биыл самокаттан қанша адам жапа шекті
Коллаж: Kazinform

— Жыл басынан бері электрсамокаттарға қатысты 443 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 3 адам қаза тауып, 456 адам жарақат алған. Жол-көлік оқиғаласының басым бөлігі Алматы қаласында болған, — делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында. 

Сондай-ақ ел бойынша әкімшілік жауапқа тартылған азаматтардың да саны да аз емес. 

— 37 621 электр самокат жүргізушісі жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар бойынша 297 ата-ана жауапқа тартылған. Электрсамокаттарды тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарына ретсіз қалдырғаны үшін 18 мыңға жуық самокат арнайы тұраққа жеткізілген, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Сенат «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды және оған ілеспе 2 құжатты екі оқылымда қарап, мақұлдады. Аталған ілеспе құжаттардың бірі осы самокат тақырыбына қатысты. 

Соңғы жаңалықтар