Биыл Ұлытау облысы аумағында мал ұрлығы 30%-ға төмендеген

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл өңірде ірі көлемдегі мал ұрлығына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды, деп хабарлайды Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

ірі қара
Фото: СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Ведомство құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, мал ұрлығына қарсы жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында облыс прокуратурасы барлық мүдделі органдардың қызметін үйлестіруге бағытталған мал ұрлығына қарсы жол картасын іске асырып келеді.

— Жол картасын жүзеге асыру аясында полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топты әшкерелеп, олардың ірі көлемдегі мал ұрлығына қатыстылығын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың кінәсі толық дәлелденіп, сот үкімімен аталған тұлғалар сотталды. Қабылданған бірлескен шаралардың нәтижесінде биыл облыс аумағында мал ұрлығы 30%-ға төмендегені байқалады, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Облыс прокуратурасы ауыл шаруашылығы саласындағы қылмыстық әрекеттерден азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастырады.

Бұған дейін Ұлытау облысында терроризмді насихаттаған тұрғын 5 жылға сотталғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар