БИІК футболдан әйелдер арасындағы UEFA Еуропа кубогына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық БИІК футболдан әйелдер арасындағы UEFA Еуропа кубогына жолдама алды.

Биік
Фото: ҚФФ

Шымкенттік команда UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеуі кезеңінде 3-орын үшін ойында словакиялық «Спартак Миява» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл жеңіс олар үшін жаңа турнир- Еуропа кубогының іріктеу кезеңінде ойын көрсетуге мүмкіндік береді.

Енді шымкенттіктер аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңінде ойнайды. Алғашқы кездесу 10-11 қыркүйекте өтсе, қарымта матчы 17-18 қыркүйекке жоспарланған. Қарсыласы 31 тамыз күні жеребе тарту рәсімінде анықталады.

Айта кетсек, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеуі кезеңінде олар алдымен Словенияның «Катовице» клубына 0:2 есебімен жол берген еді.

Сондай-ақ бүгін сағат 18:00-де қазақстандық «Ақтөбе» Данияның «Норшеланн» командасымен аталған турнирде 3-орын үшін сайысқа түседі. Ақтөбелік клуб алғашқы ойынында Италияның «Рома» командасына 0:2 есебімен жол берді.

БИІК командасы 2009 жылдан бері Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап келеді. 2017, 2018, 2019 жылдары 1/8 финалға дейін жетті.Шымкенттік клуб ел біріншілігінде 13 мәрте чемпиондық атақты жеңіп алды.

Ал «Ақтөбе» 2014 жылдан бері ел біріншілігінде бақ сынап жүр. 2024 жылы күміс жүлдегер атанса, 2018 жылы қола медаль алған еді. Биыл еурокубок ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар