07:30, 03 Қыркүйек 2025 | GMT +5
БИІК командасының Еуропа кубогындағы қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Еуропа кубогы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Екі матчтан тұратын бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттіктер Швейцарияның «Грассхоппер» командасымен кездеседі. Алғашқы матч 10-11 қыркүйекте сырт алаңда өтсе, қарымта ойын 17-18 қыркүйек күні Шымкентте болады.
Олар UEFA Чемпиондар лигасында 3-орын алған еді. Алдымен Словенияның «Катовице» клубына 0:2 есебімен жол берсе, одан кейін словакиялық «Спартак Миява» командасынан 2:1 есебімен басым түсті.
Нәтижесінде БИІК клубы енді Еуропа кубогында ойын көрсетеді.
Сондай-ақ қазақстандық «Ақтөбе» алғашқы ойынында Италияның «Рома» командасына 0:2 есебімен жол берсе, одан кейін Данияның «Норшеланн» командасымен 3-орын үшін ойында 2:4 есебімен жеңіліп қалды.