12:35, 17 Ақпан 2026 | GMT +5
Былтыр 34 мыңнан астам зиянды контент жабылды
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет балаларды зиянды контенттен қорғау мақсатында әлеуметтік желілерге жасына қарай шектеу енгізу мәселесін талқылап жатыр.
Журналистер кибербуллинг пен суицидтік сипаттағы контент таратқандарға қатысты қанша іс қозғалғанын сұрады.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов бұл сұраққа қысқаша жауап берді.
– Аталған бағыттағы мониторингті ІІМ жүргізеді. Өткен жылы 113 мыңнан астам интернет-ресурста зиянды контент анықталған. Оның ішінде 34 мыңнан астамы жабылды, - деді спикер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекіткенін жазған едік.