Былтыр Өзбекстан Қазақстанға 121,2 млн доллардың жеміс-жидегі мен көкөнісін экспорттаған

Арзан көкөніс қыстың соңғы айы мен ұзынсарыға сақталып отыр
Фото: arasha.kz

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өткен жылы Өзбекстан шет мемлекеттерге 1,1 млрд доллардың жеміс-жидегі мен көкөністерін эспорттады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі Әлихан Асқар хабарлайды.

Өзбекстан статистика агенттігінің мәліметіне сай, былтыр бұл ел шетелдерге 1,7 млн тонна жеміс пен көкөніс жеткізген. Осылайша, 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспорт көлемі 1,1 пайызға өсті.

Экспорттың ең үлкен үлесі Ресей ($437,4 млн), Пәкістан ($197,6 млн), Қытай ($144,9 млн) және Қазақстанға ($121,2 млн) тиесілі.

Айта кетейік, 2022 жылы еліміз Өзбекстаннан 216 млн доллардың жемісі мен көкөнісін импорттаған еді.

Еске салайық, былтыр 11 айда Өзбекстанның Қазақстанмен сыртқы сауда айналымы 4 млрд доллардан асқан еді.

Соңғы жаңалықтар