11:15, 31 Шілде 2023 | GMT +5
Бір аптада Қазақстанда 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді – ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бір аптада еліміз аумағында 3 мыңға жуық қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бір апта ішінде 2917 қылмыс жасалды, оның 1698-і тәулік ішінде ашылды», - деді Ақтоты Боранова министрліктің баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Оның айтуынша, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 4 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 38 тонау және 364 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысын ашты.