Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа шағымданбайтын болды
АСТАНА. KAZINFORM — Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған Бақытжан Байжанов үкімнің күшін жоюды және істі жаңа сот талқылауына жіберуді сұраған еді. Алайда Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы өтінішін қайтарып алған.

«Бақытжан Байжанов биылғы 26 тамызда сотты қайта қарау туралы өзінің кассациялық өтінішін кері қайтарып алды. Осыған байланысты өтініш алдын ала қаралмайды. Өтінішті қайтару туралы қаулы 2024 жылғы 4 қыркүйекте шығарылады», — делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырды деп айыпталған экс-министрдің інісі Бақытжан Байжанов сот үкімімен 4 жылға сотталды.
Кейін ағайындылар үкіммен келіспей апелляциялық шағым түсірді.
Айта кетсек, апелляция соты экс-шенеунік Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжанов үкімін өзгеріссіз қалдырған еді.