11:47, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Биыл Астанада 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы мәреге жетеді
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы толықтай аяқталады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында мәлім етті.

Атап айтқанда, 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы толықтай жүзеге асырылды. Нәтижесінде, жалпы ауданы 367,3 мың шаршы метрді қамтитын 4 969 пәтер тапсырылды.
Ал 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама аясында қазіргі таңда жалпы ауданы 230 мың шаршы метрді құрайтын 5 086 пәтер салынды.
«Биылдың бірінші жартыжылдығында аталған бағдарлама бойынша 206 мың шаршы метр болатын 3 496 пәтерлік 16 тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Осылайша, бұл бағдарламаны толықтай аяқтайтын боламыз», - деді И. Тасмағамбетов.