Биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам хабарлама болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Жасұлан Байкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Зорлық-зомбылық - бұл даулы әлеуметтік проблема, өйткені ол құрбандардың өздеріне тікелей әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамды тұрақсыздандырады, әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіреді. Зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлерінің бірі - тұрмыстық зорлық-зомбылық. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жайында 125 мыңнан астам шағым мен хабарлама келіп түсті», - деді Ж. Байкенов онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, осы фактілерді қарастыру кезінде 9 645 адамға қатысты сот олардың тәртібіне ерекше талаптарды бекітті. 40 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 70 228 адамға қорғау туралы нұсқау берілді», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар