Біз серпінді индустрияландыруға дайынбыз - Ақтөбе облысының әкімі

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов сейсенбі күні кәсіпкерлермен үшжақты келісімге қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде, ағымдағы жылға шолу жасап, аймақтың 2010 жылдағы даму перспективаларын баяндады.
Е.Сағындықов, дағдарысқа қарамастан, Ақтөбе облысының экономикалық дамуда ілгерілеп келе жатқанын атап көрсетті. Келер жылға жасалып отырған болжам да жайлы - инвестиция 2008 жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға өседі, бюджеттік түсім артады, жаңа өндірістер іске қосылады, ондаған мың жаңа жұмыс орындары құрылады деп болжануда.
«Қазір елде серпінді индустрияландыруға бағыт алынып отыр және біз оған дайынбыз. Біз бұл мәселемен соңғы бірнеше жыл бойы айналысып келеміз және Елбасы қойған міндеттерді біз қиналмай атқара алатын боламыз», деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.