Бизнес-форум: Қазақстан мен Тәжікстан арасында бірқатар салаға қатысты құжат бекітілді

Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 2 млрд АҚШ долларына жуық қаражатты құрап отыр.
Бизнес-форум барысында мына құжаттарға қол қойылды:
- «Altai EXPORT» ЖШС мен «Анко Инвест» компаниясы арасында күнбағыс тұқымын жеткізу;
- «Новая АЗС» ЖШС мен «ТАЛКО» тобы мұнай коксын жеткізу;
- «EXPORTER» ЖШС мен «Хубчамъ Инвест» компаниясы соя жеткізу;
- «K-Oil» ЖШС мен «Анко Инвест» күбағыс майын, тұқымын жеткізу;
- «Sinegor trade» ЖШС мен «Авеста Групп» компаниясы арасында астық өнімдерін сатып алу саласындағы меморандумға;
- Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мен Тәжікстан Үкіметі жанындағы мемлекеттік материалдық резерві жөніндегі агенттік арасында 50 мың тонна бидай жеткізу;
- «Арселлор Митал» АҚ мен «Норд Азия Металл» компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге;
- «Шынғар Транс» ЖШС мен «ТАЛКО» тобы глинозем және мұнай коксы бойынша жүк тасымалдау қызметтерін көрсету;
- KASE мен Орталық Азия қор биржасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға;
- Qaz Textile Indusrty мен «Кулоб» экономикалық аймағы ынтымақтастық туралы меморандумға;
- «Batееrfly effect» ЖШС мен «Авеста Групп» компаниясы IT саладағы ынтымақтастық туралы меморандумға;
- «Talas Investment Company» ЖШС мен «Апрелевка» компаниясы натрий цианидін жеткізу;
- Synergy CH мен «Мавсим и К» ынтымақтастық туралы меморандумға;
- «Қазцинк» ЖШС мен Тәжікстан-Қытай тау-кен өнеркәсіптік компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға.
Айта кетейік, бүгін түске дейін екі ел бизнесінің өкілдері бірқатар құжатты бекіткен болатын.
Тәжікстан премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода Қазақстанмен арада тығыз қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді.
Бұл тұрғыда ол Тәжікстан Қазақстанмен достық қарым-қатынасты жоғары бағалап отырғанын айтты.